Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның үш мемлекеттегі елшісін тағайындады

Бүгін, 09:09 / Алуа Арман

Президент Қазақстанның Өзбекстан, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия, Румыниядағы елшілерін елшілерін тағайындады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Тэгтер:

Тоқаев елші