Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 469,59 теңгені құрап, 0,73 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 21 шілдеге белгіленген ресми бағамы – 470,28 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 467,00 теңгеден сатып алынып, 474,00 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 533,00 теңгеге сатып алып, 543,00 теңгеге сатады. Ал Ресей рублі 5,48 теңгеден сатып алынып, 5,78 теңгеден сатылуда.
Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы орта есеппен 469,18 теңгеден сатып алынып, 471,16 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 535,64–540,62 теңге аралығында болса, рубль 5,65–5,79 теңге аралығында саудалануда.
Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 469,00 теңгеден сатып алынып, 471,12 теңгеден сатылуда. Еуро 535,64–540,78 теңге аралығында, ал рубль 5,65–5,72 теңге аралығында айырбасталуда.
Еске салайық, 20 шілдедегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 470,28 теңгені құрап, 0,25 теңгеге төмендеген болатын.