Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісі бойынша Жаңатас қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
2026 жылдың маусымында ер адам үйінде болған кезде құрылыс қалдықтарын 4-ші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен іргелес қоғамдық аумаққа тастап, қоғамдық орынды ластаған.
Сот қаулысымен ер адам ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 43 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Сот қоршаған ортаға ұқыпты қарау әрбір азаматтың міндеті екенін және оның ластануы заң бойынша жауапкершілікті көздейтінін еске салады.
Қаулы заңды күшіне енді.