«Анам Екатеринаны бірден ұнатты»: Сейфуллин Жолбарыс екінші әйеліне қалай ғашық болғанын айтты

21 шілде, 2026 / Алуа Арман
Ғаламтор

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс ютуб арналарының біріне берген сұхбатында екінші жары Екатеринамен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айтуынша, ол әуелде орыс қызының қазақша таза сөйлеп тұрғанына таңғалған.

«Ұлты – орыс, мен – қазақпын. Өзге ұлттан әйел алғандар көп қой. Менікі еліктеп жасалған нәрсе емес. Ол тағдыр. Бірден ғашық болдым деп айтсам болады. «Хабар» телеарнасында таныстық. Ол конкурсқа қатысты. Мен көрермен болып отырдым. Орыстың қызы, қазақша жақсы сөйлейді. Ән айтады. Әдеби тілмен сөйлейді. Анам бір көргеннен ұнатты. Ол кезде әкем де бар. Бәрі ұнатты. Не десін енді. «Өте ашық екен, ақкөңіл екен, өзім сияқты сөйлеп қалған екен» деді. Анама сол ашықтығы ұнаған шығар», - дейді ол.

Айта кетейік, әншінің бірінші некесінен бір ұлы, екінші келіншегі Екатеринадан екі қызы бар. Біраз уақыт бұрын Екатеринамен де ажырасып кеткендерін мәлімдеген болатын.

Тэгтер:

Сейфуллин Жолбарыс Ажырасу неке сезім Екатерина