Найзағай салдарынан бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді – министрлік

Бүгін, 10:30 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

20 шілдеде Мемлекеттік орман қоры аумағында 55 орман өрті тіркелді. Барлық өрт бірден бірнеше өңірде өткен найзағайлы фронттың салдарынан, яғни найзағай разрядтарының әсерінен болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді. 

 Өңірлер бойынша:

Найзағай разрядтарының салдарынан қысқа уақыт ішінде көп өрт ошақтарының пайда болуы орман күзеті қызметкерлері үшін үлкен сынақ болды.

Алайда олардың жоғары кәсібилігінің, жедел әрі үйлесімді іс-қимылының, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қорғаудың басқа да күштерімен тиімді өзара іс-қимылдың арқасында 55 орман өртінің барлығы дер кезінде анықталып, оқшауланып, сөндірілді немесе толық бақылауға алынды. Соның нәтижесінде өрттің таралуына және ірі орман өрттерінің туындауына жол берілген жоқ.

Әрбір найзағайлы фронт бір мезетте ондаған өрт ошағының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан өрт қауіпті кезеңде орман күзеті мемлекеттік орман қорын сенімді қорғауды қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарады.

Тэгтер:

орман өрті