Шығыс Қазақстанда кәсіпорын қызметкерлеріне 27 млн теңге жалақы төлемеген

Бүгін, 10:10 / Алуа Арман
istockphoto.com

ШҚО Қатонқарағай ауданының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын талдау шеңберінде «АлтайКомхозСервис» КМК қызметінде еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы салдарынан 49 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқаны белгілі болды. 

Қадағалау актісі бойынша қызметкерлердің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 27,8 млн теңгеден астам сомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді. 

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Тэгтер:

жалақы қызметкер Шығыс Қазақстан жұмыскер кәсіпорын еңбекақы