Атырауда тұрғыннан 2,5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Бүгін, 09:36 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде 35 жастағы ер адамнан 2,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған Индер ауданының 35 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тінту барысында күдіктіден бопсалау кезінде алынған 2,2 млн теңге табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Полиция азаматтарды заңсыз талаптарға көнбеуге және қорқытып алу деректері болған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Тэгтер:

Атырау