Перзентхана 36 жыл бұрын туған екі сәбиді шатастырып жіберген

20 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
kktv.com

АҚШ-та екі отбасы 36 жыл бұрын перзентханада жаңа туған нәрестелер ауыстырылып кеткен болуы мүмкін деп, Графтон қаласындағы Unity ауруханасын сотқа берді, деп turkystan.kz тілшісі KKTV порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы 2024 жылы белгілі болған. Колорадо штатының 36 жастағы тұрғыны Джереми Моррисон генетикалық тест тапсырып, өзін өсірген адамдардың биологиялық ата-анасы емес екенін анықтаған.

Моррисон бала кезінен отбасындағы басқа адамдарға ұқсамайтынын байқағанын айтады.

"Қара шашты туыстарымның арасында жалғыз сары шашты бала болдым. Бірақ оның себебі ауруханадағы қателік болуы мүмкін деп ешқашан ойламадым", – деді ол.

ДНҚ сараптамасынан кейін Моррисонның нағашы әпкесі Кайл Байлин есімді ер адамды тапқан. Оның да Джеремимен бір күнде, сол ауруханада бірнеше сағат айырмашылықпен дүниеге келгені анықталды.

Осы деректерге сүйенген екі отбасы сәбилер медициналық мекемеде шатастырылған деп есептеп, сотқа жүгінген.

Алайда аурухана басшылығы тағылған айыпты мойындамай отыр. Мекеме өкілдерінің сөзінше, сол кезеңде жұмыс істеген қызметкерлердің барлығы қызметтен кеткен, ал қажетті медициналық құжаттар сақталмаған.

Соған қарамастан, екі отбасының ата-аналары өздерінің биологиялық ұлдарымен кездесіп үлгерген. Ал Джереми Моррисон мен Кайл Байлин әзірге бір-бірімен жүздеспеген.

Тэгтер:

АҚШ