"Жасырған жаңалығым осы": Ерке Есмахан асыға күткен қуанышты хабарын айтты

20 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан үш жылдық шығармашылық үзілістен кейін өнерге қайта оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Әнші оқырмандарын бірнеше күн бойы қызықтырған жаңалығы жаңа альбомға қатысты екенін айтты. Ерке Есмаханның сөзінше, күйеуі Raim оған шығармашылығын қайта жалғастыруға қолдау білдіріп, арнайы ән арнаған.

Композицияда Raim жұбайын жарқырап, ән салуды жалғастыруға шақырады. Сондай-ақ Еркенің дауысын Бибігүл Төлегенованың үнімен, ал сахнадағы өнерін Мақпал Жүнісованың шығармашылығымен салыстырған.

"Сен менің сүйікті жарым, балаларымның анасы, әулетімнің келіні ғана емес, халықтың ерке әнші қызысың", – деп күйеуім шығармашылығымды шыңдауға қанаттандырып жіберді. Сөйтіп: "Жаным, жарқырап, ән сал", – деп, өнерге жаңа леппен оралуыма шабыт берді. 3 жыл декретте отырғанда жазылмаған әндерімді бір альбомға сыйдырдым. Жаңа өнімім, жасырған жаңалығым осы. 6 ай дайындалған 9 ән мен 9 бейнебаян сіздерді күтуде. Жуырда!", – деп жазды Ерке Есмахан.

Өнер иесі жаңа альбомының "Дауыс" деп аталатынын да жариялады.

Әншінің жанкүйерлері бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, оның жаңа туындыларын асыға күтетіндерін жазды.

Тэгтер:

әнші Ерке Есмахан