Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың әлеуметтік желідегі жазбасы көпшілікті елеңдетіп қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сезім бір күнде сөнбейді.
Айтылмай қалған бір сөзден, қойылмай қалған бір сұрақтан суына бастайды.
Енді мен:
“Қашан келесің?”
“Кешкі асқа не жегің келеді?”
“Шаршадың ба?”- деп сұрамаймын.
Енді сен:
“Мені сағындың ба?”
“Қолшатырыңды алдың ба?”
“Неге күлмейсің?”-деп сұрамайсың.
Көздеріміз ашық, бірақ, онда сәуле жоқ. Жүрегіміз соғып тұр, бірақ, бір-біріміз деп емес. Неге? Бізді бұл күйге салған тіршілік пе, әлде тұрмыс па?
Немқұрайлық…
Құтқара аламыз ба?», - деп жазған ол.
Мұны оқыған желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр.
«Дәл осындай күйде жүрген отбасылар өте көп», Дәл осы күйден өткенмін, ол кезде жалғыз қалады екенсің», «Өкінішке орай көп ерлі-зайыптылардың арасы осындай» - дейді олар.