22 шілдеде телеарна мен радио уақытша жұмысын тоқтатады

20 шілде, 2026 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

22 шілдеде жоспарлы профилактикалық жұмысқа байланысты телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазтелерадио» АҚ 22 шілдеде 2026 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдейді.

Осыған байланысты Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады.

Бұл жұмысты жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет», - делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Тэгтер:

радио телевизия 22