Алматы облысы Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 23 жастағы ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол «банан» үлгісіндегі үрлемелі су аттракционында сырғанау кезінде суға құлап, қолын шығарып алып, өздігінен жағаға шыға алмады.
Құтқарушылар зардап шеккен ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ ескертеді: судағы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз.