Қазақстандық оқушылар халықаралық экономика олимпиадасында 5 медаль жеңіп алды

20 шілде, 2026 / Інжу Әлихан
Оқу-ағарту министрлігі

Қытайдың Сучжоу қаласында 12-20 шілде аралығында өткен экономикадан халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad, IEO 2026) қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Әлемнің 61 елінен 300-ге жуық дарынды оқушы қатысқан беделді білім додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының қоржынына бір алтын, үш күміс және бір қола медаль түсті:

Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі елімізде дарынды жастарды қолдау және оларды халықаралық олимпиадаларға жүйелі даярлау жұмысының нәтижесін көрсетті. Әлемнің 61 елінен жиналған үздіктер арасындағы табысты өнер көрсету қазақстандық оқушылардың экономика, қаржы және бизнес бағыттары бойынша халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Халықаралық экономика олимпиадасы (International Economics Olympiad, IEO) - экономика, қаржы және бизнес саласындағы дарынды мектеп оқушыларын біріктіретін әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі. Олимпиада барысында қатысушылардың экономика, қаржы және бизнес бағыттары бойынша білімі, аналитикалық ойлау қабілеті мен практикалық жағдайда тиімді шешім қабылдау дағдылары бағаланады.

Тэгтер:

Қытай оқушылар экономика олимпиадасы