Қазақстан триатлоннан Еуропа кубогі кезеңінде екінші медалін жеңіп алды

19 шілде, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогы кезеңінде тағы бір жүлдеге қол жеткізді.

Ұлттық құрама аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды. 01:34:56 уақыт көрсеткен Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченко екінші сатыдан көрінді.

Румыния құрамасы 01:34:31 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Үздік үштікті 01:35:42 уақыт көрсеткішімен Түркия құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Диана Ержанова жекелей сында алтын медаль жеңіп алған болатын.