Алматы облысында тауға шыққан қыз жардан құлап кетті

Бүгін, 17:21 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының таулы аймағында зардап шеккен қызды эвакуациялады.

Оқиға Букреев шыңы ауданында теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте болған.

"ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметімен бірлесіп құтқару операциясын жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз жардан құлап, басынан жарақат алған және өздігінен жүре алмаған. Құтқарушылар келгенге дейін алғашқы медициналық көмекті оқиға куәгері көрсеткен", – деп хабарлады ведомство.