Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы «Air Astana» АҚ - да 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру туралы қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Фото: Air Astana
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ барлық сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, оларға 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берген азаматтық талап-арызын қанағаттандырды. Тәркіленген мүлік келтірілген шығынды өтеуге бағытталады.
Бас прокуратура мәліметінше, апелляциялық инстанция қорғаушы тараптың уәждерін қарап шығып, үкімді өзгеріссіз, ал шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.