Блогер әрі әнші Мөлдір Мұқан ұлы Нұриманмен бірге табиғат аясында демалып, балық аулаған сәттерін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі әр баласының қызығушылығы мен таңдауларына құрметпен қарайтынын айтып, бес перзентінен көп нәрсе үйреніп жүргенін жеткізді.
"Әр баламның ойымен санасамын, қызығушылығын, хоббиін сыйлаймын. Не деген бақыт! Мен енді балықшымын. Бес баламнан үйренерім көп екен. Өмір неткен ғажап едің, бес балаларымның арқасында, бес түрлі көзқараспен жан-жақты болып жатырмын. Балаларыммен қатар өзім де өсіп жатыр екенмін.
Балық аулаудың әлемі бөлек екен, оны сезіну керек. Нұриман ұлдарыңыздың үлкен азамат болғанын, шешім қабылдай алатынын, өз ұстанымына беріктігін, мықты тәртібін (дисциплина) көріп бойынан, жүрегіме тыныштық орнады. Күнделікті таңғы бесте өзі тұрып, қармақ-бауымен жасақталып шыққанының өзі – ерлік және жігер. Нұриманмен өзімді дос сезініп, көңілім бала болып, әңгімелесіп, қазақтың дархан даласындағы бір сәт демалысыммен бөліскенім ғой сіздермен", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы пікір қалдырып, оның балаларының қызығушылығына қолдау көрсететініне сүйсінгендерін жеткізді.