Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысында Шортанды ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқандардың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды.
Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.
Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылды.
Қазір заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталуда.
Ұйымдастырушы қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.