Түркістан облысында 4 мыңға жуық білім маманының зейнетақы жарнасы төленбеген

Бүгін, 17:02 / Алуа Арман
istockphoto.com

Прокуратура білім беру ұйымдары қызметкерлерінің бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Қадағалау қызметі барысында Жетісай ауданында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуы анықталды.

Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі тарапынан 41 білім беру ұйымында жұмыс істейтін 3766 қызметкерге қатысты міндетті зейнетақы жарналары уақытылы аударылмаған.

Нәтижесінде 33,8 млн теңге көлеміндегі төлемдер жүргізілмей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған бұзушылықтар толық жойылып, міндетті зейнетақы жарналары толық көлемде төленді.

Осылайша, 3766 қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырады.

Тэгтер:

Түркістан облысы зейнетақы жарнасы