Таеквондошылар Әлем кубогінде екінші жүлдесін жеңіп алды

Бүгін, 12:56 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Қазақстан құрамасы таеквондодан Чхунчхон қаласында (Оңтүстік Корея) өткен командалық Әлем кубогында екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аралас командалық сайыста қола жүлде үшін өткен бәсекеде жерлестеріміз Таиланд құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Осылайша қола жүлдегер атанды.

Команда сапында Аружан Найманбаева, Аида Таукенова, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов, Батырхан Кусетов сынға түсті.

Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болған еді.