Маңғыстау облысында аса құнды су биологиялық ресурстарына жататын балықты заңсыз тасымалдау дерегі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облысы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бекіре тұқымдас балыққа ұқсас балықты заңсыз тасымалдау дерегін анықтады.
Автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 30,7 келі болатын 9 балық табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттай дәлелдемелер жауапты сақтауға қойылды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарға аса құнды су биологиялық ресурстарының заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салады.