Теміртау қаласының әкімі қызметінен кетті

Бүгін, 11:42 / Інжу Әлихан
Теміртау әкімдігі

Ғалым Әшімов Теміртау қаласының әкімі қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әрбір теміртаулыққа бейжай қарамағаны, белсенді азаматтық ұстанымы және ашық диалогы үшін ерекше алғысымды білдіремін. Осындай ашық қарым-қатынас нақты мәселелерді көріп, оларды бірлесіп шешу жолдарын іздеуге мүмкіндік берді.

Теміртау қаласы мен оның тұрғындарына қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе болды. Алда қандай қызметтер күтіп тұрса да, жүрегімнің бір бөлшегі – металлургтер қаласында, қайсар жандар мен ерекше мінездің мекені болған Теміртауда қалады. Теміртаудың игілігі жолында бірге еңбек етіп, қаланың дамуына өз үлесін қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Теміртау қаласына бейбітшілік, тұрақтылық, өсіп-өркендеу және жаңа жетістіктер тілеймін. Әр шаңырақта бақ-береке, молшылық және ертеңгі күнге деген сенім салтанат құрсын. Сіздерге білдірген сенімдеріңіз үшін рақмет! Бірге атқарған ортақ еңбегіміз үшін алғыс айтамын», – деп жазды ол.