Белгілі хореограф-педагог Ольга Шубладзе өмірден өтті

Бүгін, 10:53 / Інжу Әлихан
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің хореографиялық пәндер оқытушысы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы Ольга Борисовна Шубладзе өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

«Ольга Борисовна бүкіл ғұмырын хореография өнерін дамытуға және жас мамандарды даярлауға арнады. Оның жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығы мен педагогикалық шеберлігінің арқасында отандық мәдениетке елеулі үлес қосқан өнерпаздар мен ұстаздардың бірнеше буыны тәрбиеленді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне, шәкірттеріне және Ольга Борисовнаны таныған барша жанға қайғыра көңіл айтады.

Ольга Борисовна Шубладзенің жарқын бейнесі оны жақыннан таныған туған-туыстарының, әріптестерінің, шәкірттерінің және барша жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген хабарламада.