Қазақстан мен Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жол картасына қол қойды

Бүгін, 19:55 / Алуа Арман

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттер басшыларының кездесуі аяқталған соң Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды.