«Бірге сурет салмасам...»: Айгүл Иманбаева көпшілік таратқан қауесетке жауап берді

Бүгін, 17:45 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тараған қауесетке жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жұбайымен айырылыспағанын айтып, қазір «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтіп жүргенін жеткізді.

«Бірге түскен видеоларды жиі жарияламай жүргенім біздің айырылысып кеткенімізді білдірмейді. Қазір мен «Болашақ» бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтіп жүрмін, себебі осы бағдарлама бойынша білім алдым. Бұл – уақытша жағдай ғана. Біз әлі де біргеміз, бәрі жақсы», – деді ол.

Оның айтуынша, ал арақашықтық олардың сезіміне әсер етпейтінін мәлім етті.

«Менің қазіргі жағдайым уақытша кезең ғана. "Болашақ" бағдарламасымен оқығандықтан, ел алдындағы міндетім бар, сондықтан қазірше алыс сапарларға шыға алмаймын. Махаббат үшін қашықтық кедергі емес.

Кейде бір бөлмеде бірге отырып-ақ, жаны жат болып кететін адамдар болады. Ал кейде араны мыңдаған шақырым бөліп тұрса да, демі мен үні жаныңнан табылатын жандар болады. Қашықтық бізді алыстатпайды, өйткені бұл екі жүректің бір- бірін шексіз түсініп, шын қалағандығының белгісі...», – деді әнші.