Жас футболшы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселона» ойыншысы атанды

Бүгін, 17:52 / Алуа Арман

Қазақстандық жас футболшы Кәрім Меңдіқанов 16-ға толуына байланысты «Барселона» футбол клубымен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жас футболшының «Барселонаға» ауысатыны биылғы сәуір айында белгілі болған. Алайда 15 жастағы аяқдопшы жасы жетпеуіне байланысты ресми келісімшартқа қол қоймаған.

Айта кетейік, Меңдіқанов Испанияға 2022 жылы келген және содан бері жергілікті жерде жаттығып жүр.

Өткен маусымда Меңдіқанов аймақтық лигада "Серданьола" клубында ойнаған. Биыл ол "Сант-Кугат" клубына ауысып, команда көшбасшысы атанған. Дәл осы жерде оны ірі клубтардың скауттары байқаған.

Ол «Барселона» клубымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ футболшысы болмақ.

Тэгтер:

Футбол Барселона футболшы Кәрім Меңдіқанов