«Семей орманындағы» өрт: Үкімет басшысы министрлерді Абай облысына жіберді

Бүгін, 16:59 / Інжу Әлихан
Скриншот

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Абай облысына шұғыл баруды тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Көлемі 100 тоннадан асатын су себілді.

Жедел штаб жұмысы Премьер-министрдің жеке бақылауында.