Сот жылқы иесінен зақымдалған локомотивке келтірілген залалды өндірді

Бүгін, 16:28 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Шу аудандық соты «К.» ЖШС-нің азамат Т.-ға қатысты материалдық залалды өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың қараша айында Отар-Шу учаскесінде түнгі уақытта жолаушылар пойызы кенеттен теміржол жолдарына жүгіріп шыққан атпен соқтығысқан. Машинист шұғыл тежеуді және жоғары дыбыстық сигналды қолданғанына қарамастан, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады.

Оқиға нәтижесінде электровоз механикалық зақымданып, жөндеуге жіберілді. Қалпына келтіру жұмыстарының құны 531 мың теңгені құрады.

Тексеру барысында темір жол төсемінің жанында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған жануардың иесі анықталды.

Сот, барлық дәлелдемелерді бағалай отырып, жауапкердің мал жаю ережелерін бұзуы мен локомотивке зиян келтіру арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытындыға келді.

Сот шешімімен жауапкерден «К.» ЖШС-нің пайдасына 531 мың теңге мөлшерінде материалдық залал және мемлекеттік баж өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Пойыз Жамбыл облысы теміржол Шу ауданы локоматив