Ерке Есмахан алты ай жасырған құпиясын ашты

Бүгін, 15:23 / Алуа Арман

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен жобасын аяқтағанын жеткізді. Ол алты ай уақытын жаңа жобасына арнаған. Алайда оның нақты не жоба екенін ашып айтпады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алты айға созылған үлкен еңбектің нәтижесі жарыққа шығатын күн де жақындады. Осы уақыт бойы бұл жұмыс туралы ешкімге айтпай, білдірмей, сездірмей еңбек еттім. Жұмыс аяқталған күнді естелікте сақтау үшін екі кішкентай ұлдарыммен бірге суретке түстім. Бұл – менің өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Көңілімде қуанышпен қатар сәл қобалжу да бар», - деп жазды ол.

Тэгтер:

әнші Жоба Ерке Есмахан құпия