Қазақстан ерлер құрамасы гандболдан Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан жартылай финалда Италияны 23:13 есебімен жеңді. Ал ақтық сында Ливия құрамасын 28:23 есебімен тізе бүктірді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.
Ливия құрамасы екінші орынға жайғасса, Бельгия үздік үштікті түйіндеді.