35 жастағы ер адам Астана әуежайына келгеннен кейін із-түзсіз жоғалып кетті

Бүгін, 11:48 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Еріктілер бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық Артем Гавришевті іздеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іздеу жасағының мәліметінше, 1990 жылы туған Артем Тимофеевич Гавришев 2026 жылғы 10 шілдеде хабар-ошарсыз кеткен. Сол күні ол Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келген, содан кейін онымен байланыс үзілген.

Оның елордаға келгеннен кейін қайда барғаны немесе қай бағытта жүргені туралы ақпарат жоқ.

Белгілері: бойы 170–175 см, дене бітімі орташа. Ерекше белгісі – сол қолы таңылған.

Жоғалған күні үстіне ақ жейде, қара шалбар және қара туфли киген. Өзімен бірге спорттық сөмкесі болған.

Еріктілер Астана және өзге өңір тұрғындарынан ер адамның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, іздестіруге көмектесуді сұрайды.