Қостанайда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Бүгін, 10:30 / Алуа Арман

Жас жігіттің мәйіті Тобыл өзенінен табылды. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

2008 жылы туған жас жігіт 14 шілде күні кешке Назарбаев көшесіндегі үйінен шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған.

Оның із-түзсіз жоғалу фактісі бойынша полиция іздестіру ісін тіркеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған жігіттің мәйіті Тобыл өзенінен, Орталық көпір маңынан табылды.

«2008 жылы туған жас жігіттің із-түзсіз жоғалуына байланысты полиция іздестіру ісін қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында жоғалған азаматтың мәйіті Тобыл өзенінен, Орталық көпір маңынан табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері көзге байқалмайды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Құқықтық қорытынды тергеу нәтижесіне сәйкес беріледі», – деп мәлімдеді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жас жігіттің қаза болу себептері мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

Қостанай өзен жас жігіт