"Таныс арқылы түсті" дегенді қояйық": Белгілі актер Өнер академиясына түсе алмаған түлектерге жазба жариялады

Бүгін, 17:34 / Дана Ізтілеуова

Белгілі актер Мейірғат Амангелдин әлеуметтік желілерде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсе алмаған түлектерге арнап жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Інім Жүргеновке түсе алмады. Дайындығы нашарлау болып қалды. Өзіне ұрыстым! Аямай боқтап алдым. Әйтпесе Азамат ағаны да, Мадиярды да жақсы танимын ғой. "Таныс арқылы түсті" дегенді қояйық. Мұнымен өмірі тоқтап қалған жоқ. Аз ғана талант болған жеткіліксіз. Өзіде түсінсін оңай емес екенін. Бүгін “баламның аяғынан шалды "дейсіз, ертең “кинодан өтіп тұрған жерінен алмай қойды” дейсіз,”театрдан рөл бермеді" дейсіз. Бағына ешкімнің таласпайық", – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде бір топ түлек Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсе алмағанын, ал түскен түлектердің араға таныс салып, әрекет еткені туралы жазба жариялаған-тын.

Тэгтер:

түлектер Мейірғат Амангелдин Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы