Биржада доллар бағасы өсті

Бүгін, 17:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

15 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 469,71 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,77 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 15 шілдеге белгілеген ресми бағамы – 468,88 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 467,90 теңгеден сатып алынып, 474,94 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 533,69 теңге, сату бағамы – 543,71 теңге. Ресей рублі 5,65–5,95 теңге аралығында саудалануда.

Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 470,00 теңгеден сатып алынып, 472,95 теңгеден сатылуда. Еуро 536,21–542,03 теңге аралығында, ал рубль 5,72–5,87 теңге аралығында айырбасталуда.

Шымкент қаласында доллар орта есеппен 471,17 теңгеден сатып алынып, 473,35 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 535,19–540,88 теңге, ал рубльдің бағамы 5,74–5,81 теңге аралығында.

Еске салсақ, 14 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 468,88 теңгені құрап, 7,45 теңгеге төмендеген болатын.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор