Жамбыл облысында буллинг жасаған баланың анасына айыппұл салынды

Бүгін, 16:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Мойынқұм аудандық соты кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың мамыр айында Мойынқұм ауданындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы бірнеше 8-сынып оқушысына буллинг жасап, олардан ақша сұраған. Заңнама талаптарына сәйкес хаттама оқушының анасына қатысты жасалды.

Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 43 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Айыппұл буллинг Жамбыл облысы