Дархан Мырзабаев Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін, 15:52 / Алуа Арман
ҚР Үкіметі

Үкімет қаулысымен Дархан Мырзабаев Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дархан Мырзабаев 1989 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Франция Республикасының Ұлттық жоғары мұнай және энергетика мектебін, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетін және Қытай–Еуропа халықаралық бизнес мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы PGS Kazakhstan ЖШС-де геофизик-тағылымдамашы болып бастаған.

2012–2015 жылдары – Лондонда орналасқан Schlumberger Ltd компаниясында аға далалық геофизик;

2015–2019 жылдары – «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-нің барлау және кен орындарын игеру департаментінде кіші инженер, кейін кен орындарын игеру жөніндегі инженер;

2020 жылы – Amazon EU S.A.R.L компаниясында бағдарлама менеджері;

2021–2022 жылдары – «Эрнст энд Янг консультациялық қызметтер» ЖШС-де аға кеңесші;

2022–2023 жылдары – Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы, кейін басқарма басшысы;

2023 жылы – CSI Stat ЖШС-де менеджер;

2024 жылы – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновацияларды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы, кейін департамент директоры;

2024–2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары;

2025 жылғы қазаннан бастап осы уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Еске салсақ, биылғы маусым айында Жаннат Дүбірова Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылған болатын.

Тэгтер:

вице министр Дархан Мырзабаев