Маңғыстауда кәсіпорын 165 жұмысшыға 29 млн теңге жалақыны уақытында төлемеген

Бүгін, 11:54 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қарақия ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуге тиіс.

Талдау барысында «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 165 жұмыскерге жалақыны уақтылы төлемегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмыскерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 29 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі толық өтелді.

Сонымен қатар еңбек заңнамасында белгіленген мерзімде жалақыны төлемегені үшін кәсіпорын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылып, әкімшілік айыппұл салынды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.