Прокуратура жүргізген тексеріс барысында Жаңаарқа ауданында құны 334 млн теңге болатын, ауданы 169 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін заңсыз беру фактісі анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жезқазған қаласында уақытша жер пайдалану құқығының мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекет меншігіне қайтарылмаған, жалпы ауданы 2,9 га болатын құны 96 млн теңге 29 жер учаскесі анықталды.
Сонымен қатар, құны 11 млн теңге болатын коммерциялық мақсаттағы жер учаскесін заңсыз беру фактісі анықталды.
Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде жалпы құны 443 млн теңге болатын 31 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жер қатынастары саласындағы мемлекет мүддесін қорғау жұмыстары жалғасуда.