Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлем чемпионатының жартылай финалында Испания Францияны 2:0 есебімен жеңіп, шешуші матчқа жолдама алды. Кездесу АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «Даллас Стэдиумда» өтті.
Испания құрамасының сапынан алғашқы голды Микель Оярсабаль пенальтиден соқса, екінші таймда Педро Порро есеп айырмасын еселей түсті. Луис де ла Фуэнте шәкірттері матч барысында қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына гол соғуға мүмкіндік берген жоқ.
Осылайша, Испания 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының финалына жолдама алып отыр. Финалда испандықтар Англия мен Аргентина арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі.