"Бір-бірімізге тіреу болуға уәделестік": Жұлдыз Әбдікәрімова асыға күткен қуанышты жаңалығын айтты

Бүгін, 20:02 / Жамбыл Жайлау
SN.kz коллажы

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық әрі шығармашылық жаңалығын жариялады. Оның айтуынша, алдағы уақытта Қайрат Нұртастың бірнеше қалада шығармашылық кештері өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазір өнерлі жұп концерттерге белсенді дайындалып жатыр. Жұлдыз Әбдікәрімова жариялаған видеода бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп отырған кезде Қайрат Нұртас оның жанына келіп, шашынан иіскейді. Бұл сәт желі қолданушыларының назарын аударды.

Актриса жазбасында жұбайымен бірге шығармашылық тұрғыда дамуға және бір-біріне үнемі қолдау көрсетуге тырысып жүргендерін айтты.

"Шамамыз жеткенше, қолдан келгенше бірге дамуға, шығармашылығымызды өз саламыз бойынша тоқтаусыз шыңдауға тырысып жүрміз. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, тіреу болуға уәделескенбіз. Ал сіздерге сабыр!" – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптының видеосына жылы пікір қалдырып, алдағы шығармашылық кештеріне сәттілік тіледі.

Тэгтер:

Қайрат Нұртас Жұлдыз Әбдікәрімова