Атыраудан Батумиге тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін, 17:42 / Інжу Әлихан
Көлік министрлігі

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

14 шілдеден бастап қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы Атырау мен Батуми арасында Грузияға жаңа бағыт ашады. Рейстер аптасына бір рет (сейсенбі күндері) Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.

Бұл әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытады деп күтілуде.

Тэгтер:

Батуми