Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алғашқы жарыс күні Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Отандастарымыз ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен, жартылай финалда Ресей құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Ал ақтық сында Қытай құрамасына 2:0 есебімен жол берді.
Құрама сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.
Айта кетейік, командалық Әлем кубогы 16 шілдеде аяқталады.