Мария Шарапова тенниске оралды

Мария Шарапова тенниске оралды

Мария Шарапова тенниске оралды
ашық дереккөзі
Ресейлік теннисші Мария Шарапова 15 айға созылған үзілістен соң үлкен спортқа қайта оралды. Танымал спортшыны допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттеткен еді. 26 сәуірде Штутгарттағы турнирде ол әлемнің 36-шы теннисшісі Роберта Винчиді 7-5, 6-4 есебімен жеңді. Матч шамамен бір сағат 45 минутқа созылды. 30 жастағы Шарапова енді ғана рейтинг жинауға кірісті. Штутгартта сәтте өнер көрсеткен жағдайда, ол Франция ашық біріншілігі - Roland Garros турнирінің іріктеу турына қатыса алады. Шарапованы Үлкен шлем турниріне тікелей қатыстыру мәселесі 16 мамырда шешіледі. Өткен жылы наурыз айында Мария Шарапова АҚШ-та баспасөз конференциясын шақырып, қаңтарда Australian Open турнирі кезінде алынған сынамадан мельдоний табылғанын хабарлады. Спортшының айтуынша, 2016 жылдың қаңтарында ол тыйым салынған препараттар тізіміне енгізілген. Сол жылы мамыр айында Халықаралық теннис федерациясы Шарапованы жарыстан шеттетті. Бес мәрте Үлкен шлем турнирінің иегері Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатыса алған жоқ.