«Өмір ешкімге оңай жол ұсынбайды»: Сәкен Бибосынов Түркия бокс федерациясының базасында жаттығып жүр

Бүгін, 15:58 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Түркия бокс федерациясының Кастамону қаласындағы базасында жаттығуын бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өмір ешкімге оңай жол ұсынбайды.

Ринг те, өмір де маған бір нәрсені үйретті: сыннан қашқан адам өспейді. Әр қиындық – мінезді шыңдайды, ал әр құлау – қайта тұруды үйретеді.

Кейде нәтиже бірден көрінбейді. Бірақ ешбір адал еңбек зая кетпейді. Бүгін үнсіз төгілген тер – ертең бәрі көретін жеңістің негізі.

Адамды уақыт емес, оның күн сайынғы таңдауы, тәртібі және табандылығы өзгертеді.

Сондықтан өзіңе сен. Жолың ауыр болса да, тоқтама. Еңбегіңе адал бол.

Аллаға тәуекел ет.

Бір күні дәл осы қиын күндерге күлімсіреп қарап:

«Берілмегенім – өмірімдегі ең дұрыс шешімдердің бірі болған екен» дейсің», – деп жазды ол.