Атырауда қайын жұртын қырып салған Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Судья Зарема Хамидуллина Сұлтан Сәрсемәлиевті төрт адамнан тұратын отбасын өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.
Одан бөлек, ол мал ұрлау, алаяқтық, құжаттарды заңсыз иемдену, ұрлық және ол қылмыстарын жасыру баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар сот Сәрсемәлиевті жәбірленушілерге моральдық шығын ретінде 40 млн теңге төлеуге міндеттеді.
Еске салайық, бұған дейін сотта Сұлтан Сәрсемәлиевке төрт адамды ерекше қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол жәбірленушілерге шамамен 60 рет пышақ жарақатын салған.