Еліміздің республикалық бюджет кірісі 24,6 пайызға өсті – Вице-министр

Бүгін, 10:49 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық көлемде атқарылды, ал мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы қаржыландырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгені немесе жоспарға 100,6%-ды құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға өсті. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгені немесе жоспарға 100,3%-ды құрады. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда салық түсімдер 29%-ға өсті немесе 1,9 трлн теңгеден астамды құрады.

«Кірістер серпініне негізгі экспорттық тауарлар бойынша бағаның өсуі, сондай-ақ сыртқы сауда белсенділігі оң әсер етті. Бұдан бөлек, электрондық жүйесі бойынша сату айналымдары 12%-ға немесе 10,8 трлн теңгеге өсті», — деді Ержан Біржанов.

Тэгтер:

Бюджет