Ұшақ бортында полицейді балағаттаған астаналық әйел сотталды

Бүгін, 10:35 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Астана тұрғыны әуе кемесінің бортында полиция қызметкерін тілдегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Наурыз айында мас күйде болған жолаушы әйел полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілін көпшілік алдында қорлаған.

Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдаған іс бойынша сот әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл салды.

Прокуратура ескертеді: билік өкілін қорлағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауаптылық көзделгенін ескертеді.