Қостанай облысында үш жасар бала құдыққа құлап кетті

Бүгін, 10:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысы Лисаковск қаласына қарасты Октябрьское кентінде баланың құдыққа құлауына қатысты оқиғаға полиция түсініктеме берді. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, үш жасар бала үйінен дүкенге шыққан. Жолда келе жатып кәріз құдығының қақпағын басқан сәтте ол ашылып кетіп, бала құдыққа құлаған.

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 4 шілдеде Лисаковск қаласының Октябрьское кентінде болған осы оқиға бойынша тексеру ұйымдастырылған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Полицияның мәліметінше, баланың заңды өкілінен ешқандай арыз түспеген. Сондай-ақ өзге тұлғаларға қатысты қандай да бір шағым айтылмаған.

Бұдан бөлек, қауіпсіздікке қатер төндіруі және жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін анықталған заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға нұсқама енгізілді.

Аталған нұсқаманың орындалуы полицияның бақылауында.

Тэгтер:

Қостанай облысы Лисаковск