Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейдің есімі көшеге берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Есет ауылында қызметтік міндетін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Бекенов Қайрат Әбенұлының есімі берілген көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Еске алу шарасына Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары А. Мұқан, Бейнеу ауданының әкімі Р. Шалбаев, марқұмның отбасы мүшелері, ішкі істер органдарының ардагерлері, әріптестері, қоғам өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты рәсім барысында қатысушылар Қайрат Әбенұлының рухына тағзым етіп, оның қызметтік борышына адалдығын, ерлігі мен жанқиярлығын ерекше атап өтті. Оның ерлігі Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі, ал есімі – ар-намыс пен антқа адалдықтың символы екені айтылды.
Іс-шара барысында азаматтардың қауіпсіздігі жолында жанын қиған полиция қызметкерлерінің ерлігін ұлықтау – мемлекет пен қоғамның қасиетті парызы екені атап өтілді. Батыр полицейдің есімін туған жеріндегі көшеге беру – оның ерлігіне көрсетілген зор құрмет әрі жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызды үлгісі.