Семейде көпір үстінде жолға жатып фотоға түскен әйелге айыппұл салынды

13 шілде, 2026 / Жамбыл Жайлау
stan.kz

Семейде көлік жүретін көпірдің жол бөлігіне жатып, әлеуметтік желіге фото және видео түсірген 35 жастағы әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, Ақтөбе облысының тұрғыны кешкі уақытта көпірдің дәл ортасына жатып, камераға түскен. Сол кезде оның жанынан көліктер өтіп жатқан.

Қауіпті әрекет түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып, қолданушылардың сынына ұшырады. Кейін полиция әйелдің жеке басын анықтады.

Абай облыстық полиция департаменті оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы бойынша хаттама толтырылғанын хабарлады. Бұл бап жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушыларының ереже бұзуына қатысты.

Әйелге 2 АЕК, яғни 8 650 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полиция мұндай әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін ескертті. Қараңғы уақытта жүргізуші жол үстіндегі адамды дер кезінде байқамай, қайғылы жағдай болуы мүмкін.

Тэгтер:

Семей